Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын маған: «Сіз қандай мақсатпен өнім өндіруді жоспарладыңыз?» – деген сұрақ қойылып еді. Сонда мен: «Халықаралық стандарттар деңгейіне сай келетін жоғары сапалы өнім дайындағымыз келеді», – деген болатынмын. Мақсат жүзеге асты. Тәттілер өндірісін іске қосу жеке кәсіпкерліктегі негізгі стратегиялық мақсатыма айналды. Әрине, еліміздің ДСҰ-ға енді ғана қосылуы – асықпай ойлануды қажет еткен болар. Әйтпегенде, халықаралық қоғамдастыққа ұсынатын өнімдері де, одан алатын тауарлары да жетеді. Енді біздер бұл ұйымның өз талап-қағидаттарын орындауымыз керек. Тауарларды кәсіпкерлеріміз өте сапалы арзан бағаға өндіре білуді үйрене білулері керек деген сөз. Яғни, кім өз тауарын арзан, сапалы етіп өндіре алса, халықаралық саудада жолы болады.
ДСҰ дегеніміз – бүкіл әлем үшін аса пайдалы халықаралық ұйымның бірі. Сауда заңдылықтарына бейімделуіміз керек. Бұл еліміздің өркендеуіне, кәсіпкерлердің арасында бәсекеге қабілеттіліктің арта түсуіне, тұтынушылардың арзан да сапалы тауар алуларына ашылған жол. Мысалы, біз кондитер цехын іске қосқаннан соң 1999 жылы жасаған өнімдерінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді дүкендер құрылысын бастадық. Қазір тұтынушы сұранысында шек жоқ. 2003 жылы екінші кондитер цехы бой көтерді. Автодүкендер сатып алынды, қаланың әр жерінде тәттілерді саудалайтын орындар жасалды. Ал 2006 жылы «Крендель» ЖШС СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкес сапа менеджментін иеленді. Бұл тәттілер өнімдерін саудалауда еліміздің ішкі нарығына шығуға мүмкіндік берді. Келесі 2007 жылы кофе ішетін арнайы дүкен кеңейтіліп, ішінен VIP-зал және балаларға арналған алаң, 2009 жылы «Кабачок 115» атты жаңа кафе ашылды. Бұларда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер талабына орай сапалы өнімдерді саудалауда жоғары ілтипатты қызмет көрсетіледі.
Екінші, сапалы өнімдер жасау үшін – кәсіпорынға жаңа жабдықтар, жаңа заманауи технологиялар алынды. Технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы кондитер және ұннан дайындалған бұйымдар жасалады. Біздің «Крендельде» негізінен 500-дей қыз-келіншек жұмыс жасайды. «Крендельдің» технолог маман қыз-келіншектері күн сайын жаңа торттар, бәліш, печенье, тоқаштардың неше түрлерін ойлап табады. Тіпті, олардың формасын күн сайын өзгертіп, құлпыртып отырады десе де болар. Бүгінгі күнде «Крендель» тәттілердің 300-дей түрін дайындайды. Цехтарда жаңа автоматтық желілерде – неше түрлі өнімдер жасалынуда. Бұл өнімдерді еліміздің басқа өңірлеріне, Ресей нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Жыл сайын кондитерлер мен аспазшылар жақын және алыс шетелде біліктіліктерін арттырудан өтеді. Тәжірибе алмасу үшін ТМД елдерінен, Еуропадан, Азиядан, АҚШ-тан мамандар шақырылады.
Былтыр жалпы көлемі 760 кв.м тағы да бір жаңа кондитер цехын, жалпы көлемі 500 кв.м кондитер бұйымдары дүкенін аштық. Әрине, әлемдік экономика мен әлемдік сауданың ғаламдық еркін нарығына қосылу, оған ілесіп кету бәрімізге үлкен талаптар, міндеттер жүктейді. Бұл талаптан ешкімнің шет қалмасы анық. Сондықтан, осы жолғы Үндеуінде Елбасы айтқандай, бұл жол кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Бұдан бұрын бізге, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіліп, бизнес әлеміне жағдай жасалды. Кедендік және экономикалық кеңістікте де жұмыс жасадық. Бізді, кәсіпкерлерді Елбасы осылай шыңдады. Үнемі қолдау көрсетті. Енді, міне, басқаша ғаламдық бәсекеге сай жұмыс жасайтын уақыт келді. Елбасы айтқандай, бұл біздің еліміздің қолынан келеді деп сенемін.
Зинаида ПАРХОМЕНКО,
«Крендель» ЖШС директоры.
ПАВЛОДАР.

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13