Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, бұл ұсыныс шопандардың балаларын әскерге мүлде шақырмау керек дегенді білдірмейді.
«Бұл тек әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру туралы мәселе. Кейбір отбасылар мал шаруашылығымен әулетімен айналысады. Қарбалас кезеңде шаруашылыққа балаларының көмегі қажет. Сондықтан саланың дамуын ескере отырып, шақыру мерзімін шегеру ұсынылып отыр. Бұл мәселе Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жан-жақты қаралады», деді вице-министр.
Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Сонымен қатар, кешенді жоспар жобасында саланы кадрлармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы қызметкерлері үшін әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, оның ішінде шопандар мен қойшыларға 55 жастан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер беру, мамандарға тұрғын үй салу және басқа да бастамалар қарастырылған.
Айта кетейік, Үкімет жуырда Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдаған болатын.
Ет экспорты екі есе өседі: Үкімет мал шаруашылығына арналған ірі жоспарды бекітті
Құжатта ірі қара мал басын 7,9 млн-нан 12 млн-ға дейін, ал ұсақ мал санын 20,2 млн-нан 28 млн-ға дейін арттыру көзделген.