13 Мамыр, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Х.Рухани Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңі­сімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады. Әңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халық­ара­лық ұйымдар аясындағы саяси үнқатысу мен жемісті өзара іс-қи­мылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бұдан бөлек, сауда-эко­но­ми­калық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Иран Президенті елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның дос­тас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді.