Саясат • Бүгін, 07:25

Еуропа саяси реформаларымызды жоғары бағалады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) «Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларация қабылдады.

Еуропа саяси реформаларымызды жоғары бағалады

Сурет: dknews.kz

Құжаттың авторы – беделді ұлыбританиялық депутат Майкл Герман («Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» партиясының мүшесі). Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фрак­ция­ларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні аталып өтті.

Қазақстанның саяси басшылығының демократия­лық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдарын, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформаларды, сондай-ақ өлім жазасын жоюын қолдады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше назарға алынды. Бұл өз кезегінде, нақты нәтижелерге қол жеткізуге, еліміздің өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.

Құжат елімізде жүзеге асырылып жатқан демо­кратиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20