Фото: Алматы қалалық полиция департаменті
23-25 қаңтар аралығында республика аумағында өтетін іс-шарада жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.
«Қауіпсіз жол» аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды.
Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер және жастармен түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізіледі.
«Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады. Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шаралары бақыланады», делінген министрлік таратқна хабарламада.
Қарағандыда 30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды
Айта кетейік, биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі.
Сондай-ақ елімізде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл балы есептелмек.