Туризм • 23 Қаңтар, 2026

Қазақстан туристер үшін ең тартымды елдер қатарына кірді

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туристерге ұсынылатын әлемнің ТОП-25 елінің қатарына Қазақстан да енді. Еліміздің басты туристік астанасы – Алматы бірнеше аралдық аумақтарды басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан туристер үшін ең тартымды елдер қатарына кірді

Фото: kazakhtourist.kz

Bloomberg журналының жазуынша, Алматы басқа туристік бағыттармен салыстырғанда сапар уақытының ұзақтығымен ұтады. Кейбір елдерге тревел-сарапшылар тек белгілі бір үш-төрт айда, көбіне жаз мезгілінде баруды ұсынады. Ал Алматыда жылдың сегіз айында тамаша туристік мүмкіндіктер бар: қыста – шаңғы және тау-шаңғы спорты, көктем мен күзде – белсенді таулы экотуризм.

Маңғыстау облысы шетелдік туристерді ең көп тартатын өңірлердің үштігіне енді

Жылына екі рет, қаңтар және шілде айларында, Ұлттық статистика бюросының мамандары вокзалдар мен әуежайларда елден кетіп бара жатқан туристер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Өткен жылы бұл сауалнамаларға шетелден келген 24 мыңнан астам саяхатшы қатысқан. Мұндай іріктемелі зерттеулер Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жалпы портретін жасауға мүмкіндік береді.

Алматыда шетелдік туристер көбіне қай жерлерге барады?

Олардың жартысынан астамы – 25 пен 44 жас аралығындағы жастар. Әрбір екінші респондент − Ресейден келген турист. Орта есеппен шетелдік қонақтар Қазақстанға төрт күнге келеді. Олар кейбір өңірлерде ұзағырақ болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда – алты күн, Маңғыстау облысында – жеті күн.

Айта кету керек, Bloomberg ұсынған ең тартымды локациялар тізімінде Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен Алматыдан өзге қала жоқ.

Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен

Соңғы жаңалықтар