Экономика • Кеше

Биыл студенттердің шәкіртақысы арта ма?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдан бастап шәкіртақы көлемі жыл сайын ұлғайып, бастапқы деңгеймен салыстырғанда екі есеге артқан. Қазіргі шәкіртақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл студенттердің шәкіртақысы арта ма?

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

Студенттік жәрдемақыларды міндетті түрде индекстеуді көздейтін заңнамалық нормалар болмағанына қарамастан, билік жастарға көрсетілетін қаржылық қолдау деңгейін арттыру туралы шешім қабылдаған.

Қазір бакалавриат бойынша білім алып жатқан студенттер 52 мың теңгеден астам шәкіртақы алады. Ал болашақ дәрігерлер мен педагогтер үшін ай сайынғы төлем мөлшері шамамен 84 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Магистранттардың шәкіртақысы одан да жоғары, шамамен 117 мың теңге, ал докторанттарға ай сайын 262 мың теңгеге жуық қаржы төленеді.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау ережелері өзгеріп, үміткерлерді іріктеу тетігі күшейтіліп, басымдық жаратылыстану-техникалық бағыттарға беріледі.

Колледж есепшісі шәкіртақыға бөлінген қаражатты өзіне аударып отырған

 

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35