Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Колледждің бас бухгалтері іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін бөлінген қаржының 243 млн теңгесін өз шотына аударып отырған.
Маңғыстау облыстық прокуратурасы осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісіне өтіп, сот сараптамалары тағайындалған.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеген.