Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында инклюзивті оқу кабинеті ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті оқу кабинеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында инклюзивті оқу кабинеті ашылды

Оқу кабинеті мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, олардың қоғаммен байланысын нығайту, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасауды мақсат еткен «Жаншуақ» жобасы аясында ашылып отыр. «Жаншуақ» жобасына қала мектептерінің 3-8 сынып оқушылары ата-анасының келісімімен қатыса алады. Сабақтар жоба жетекшісі мен музей-қорықтың арнайы мамандарының қатысуымен, алдын ала бекітілген тақырыптық жоспар негізінде жүйелі түрде өтеді. Айына бір рет 2 академиялық сағат көлемінде теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

Ақтөбеде инклюзивті спорт кешені ашылды

Инклюзивті оқу кабинетінің ашылу салтанатында музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев пен қалалық білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері Мөлдір Ақылбекова құттықтау сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Бұл – республика көлемінде музей-қорық жанынан ашылып отырған алғашқы инклюзивті кабинет ретінде маңызды әлеуметтік әрі мәдени бастама.

6

Инклюзивті білім беру ұйымдарында 10 мыңнан аса педагог қызмет етеді

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12