Денсаулық • 23 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда алғаш рет кардиостимулятор орнату операциясы жасалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында алғаш рет BIOTRONIK Home Monitoring қашықтан бақылау жүйесіне қосылатын жүрек ырғағын реттейтін кардиостимулятор орнату бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда алғаш рет кардиостимулятор орнату операциясы жасалды

Аталған операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында Тараз қаласынан келген емделушіге жасалды. Бұл заманауи кардиологиялық көмектің азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді екенін көрсетеді.

Елімізде 59 адамға құны 79 млн теңге тұратын операция тегін жасалды

BIOTRONIK Home Monitoring жүйесі пациенттің денсаулық жағдайы мен имплантацияланған кардиостимулятордың жұмысын тәулік бойы қашықтан автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Дәрігерге күн сайын электрондық пошта арқылы жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштері мен құрылғының техникалық жай-күйі жөнінде есеп жолданады. Мамандардың айтуынша, бұл пациенттің медициналық мекемеге баруынсыз тұрақты бақылауда болуын қамтамасыз етіп, жүрек-қантамыр жүйесіндегі ауытқуларды дер кезінде анықтауға және қауіптің алдын алуға жағдай жасайды.

3

«Бұл операция еліміздің бірқатар өңірінде жасалғанымен, Маңғыстау облысында алғаш рет өткізілді. Аппараттың қызмет ету мерзімі – 15 жыл, ал көлемі бұрынғы үлгіден екі есе шағын. Жүйенің басты артықшылығы – емделушілердің жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік беруі. Құбылмалы қыс мезгілінде бұл тәсіл өзге өңірлерден келетін науқастар үшін де, медицина мамандары үшін де өте қолайлы», деді интервенциялық кардиолог Арман Айназаров.

Sofie MedGroup міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында мамандандырылған әрі жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Ем алу үшін пациент учаскелік дәрігерден жолдама алуы қажет.

Күрделі операция сәтті аяқталды

Соңғы жаңалықтар