Сурет: enbekshiqazaq.kz
Ұлы Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн және Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы басшылары Халықаралық Қызыл Крест комитетімен әріптестікте барлық мемлекеттердің басшыларын осы шешуші кезеңде бірлесіп әрекет етуге шақырады. Ол соғыс жүргізу ережелерінің қақтығыс кезіндегі ортақ адамгершілігімізді сақтауда іргелі маңызға ие және бұл ережелердің әмбебап, әділ әрі дәйекті түрде сақталуға тиіс екенін бірауыздан растап, бірлік танытуымыз қажеттігін атап өтті.
Соғыстағы қатыгездікті, ақылға қонымсыз адамзаттық азап-қайғыны және залалды тоқтатуға деген терең жауапкершілік пен шұғыл қажеттілікті сезіне отырып, Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп, 2024 жылғы қыркүйекте халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманы іске қосты.
Бүгінге дейін әлемнің барлық өңірінен 99 мемлекет халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастамаға ресми түрде қосылды. 27 мемлекет халықаралық гуманитарлық құқықты құрметтеуді нығайтуға, соғыс жүргізудің қазіргі заманғы өзгерістері туындатқан сын-қатерлерді шешуге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін жеті тақырыптық жұмыс бағытын бірлесіп үйлестіріп отыр. Бастамашы топ барлық мемлекетті осы күш-жігерге қосылып, соғыс уақытында зұлымдықтың алдын алып, адамзаттық құндылықтарды қорғау бойынша ортақ жауапкершілігіміз төңірегінде бірігуге шақырады.