Қоғам • Бүгін, 16:12

Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде спутниктік технологияларды пайдалану арқылы 504 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылды. Жобаны – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Жобаның басты мақсаттарының бірі – талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту немесе ұялы байланыс базалық станцияларын орнату мүмкін емес шалғай әрі тұрғындары аз елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. Мұндай ауылдарда тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу үшін спутниктік байланыс жүйелері қолданылды.

Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады

2023 жылдан бастап KazSat спутниктері арқылы 176 ауылдық елдімекен интернетке қосылған. Қалған 328 ауылдық елді мекен бейгеостационарлық спутниктік жүйелер (НГСО) негізінде OneWeb технологиясы арқылы, Jusan Mobile операторының қатысуымен интернетке қосылды. Осылайша, жобада көзделген барлық 504 ауылдық елдімекен спутниктік интернетпен толық қамтылды.

gov.kz

Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады

Аталған министрліктің мәліметінше, жобаның іске асырылуы – ауыл тұрғындарына онлайн білім алу, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану, телемедицинаға қол жеткізу және жақындарымен тұрақты байланыс орнату сияқты заманауи цифрлық мүмкіндіктерді ашты. Бұл елді мекендердегі өмір сапасын арттыруға және қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

40 мың шақырымнан астам тасжолда интернет пайда болады

Соңғы жаңалықтар