Аймақтар • Бүгін, 09:20

Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының оқушылары онлайн оқу форматына көшірілді, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Қостанай облысында ауа температурасы -28…-30°C дейін төмендеп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр. Осыған байланысты өңірде бірінші ауысымда білім алатын 1-11 сынып оқушылары мен студенттер қашықтан оқиды. 

Орал қаласында да -25°C аяз болатыны болжанған. Сондықтан бірінші ауысымның 1-4 сыныптарында сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райының қолайсыздығына байланысты павлодарлық бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды.

«Қазгидромет» РМК Көкшетауда қар жауып, бұрқасын болатынын болжады. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ онлайн өткізіледі.

 Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 

Соңғы жаңалықтар