ӨСКЕМЕН. 24 ақпан. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өңірдегі білім беру, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, денсаулық сақтау басқармаларымен сындарлы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жобалар агенттік басшылығының тапсырмасына сәйкес, жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай келісілген саясатын жүргізу, оған халықты барынша қатыстыру мақсатында бекітілді.
Бірлескен жобалар аясында бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту және жүйелі проблемаларды анықтау, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңсыз тексеруге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың призмасы арқылы мақсатты топтар үшін ағартушылық жұмыстарды арнайы оқыту бағдарламаларын іске асыра отырып жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер, құқық қорғау ұйымдары, кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашылық қоғамдар, қоғамдық пікір жетекшілерімен бірлескен ынтымақтастық жұмыстар жүргізіледі.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mednorma.ru.
• 24 Ақпан, 2015
Шығыс Қазақстанда жемқорлыққа қарсы бірлескен жобалар жүзеге асырылады

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13