АСТАНА. 25 наурыз. Үндістанның Уттар-Прадеш шататында өтіп жатқан неке қию салтанатында күйеу жігіт өзінің өте қарапайым есепті шығара алмайтынын, дәлірегі сауаты тым нашар екенін сездіріп алып, соның салдарынан қалыңдығы оған үйленуден бас тартты. Бұл туралы «Экспресс-К» газеті хабарлады.
Тарата айтар болсақ, неке қию рәсімі салтанатты жағдайда өтіп жатады. Бір кезде ойламаған жерден қалыңдықтың әпкесі күйеу баладан 15-ке 6-ны қосып беруін сұрайды. Жігіт оған «17» деп жауап береді. Мұны естіген қалыңдық Лавли Сингх білімсіз адамға тұрмысқа шықпайтынын айтып, той үстінен бірден үйіне кетіп қалады. Қыздың әкесі Мохар Сингх перзентінің шешімін құптаған. Ол: «Рама Баран бірінші сыныптың кез келген оқушысы шығаратын есептің жауабын айта алмады. Оның отбасы балаларының білімсіз екенін жасырып, бізді алдады», депті. Осылайша, екі жақ та ыңғайсыз жағдайда қалған.
Сондай-ақ, қалыңдықтың туыстары неке қию салтанатына орай күйеу жігіт жағына алдын ала берген сыйлықтарын қайтарып алу үшін полицияға шағымданады. Ал Рама Баранның туыстары олардың талаптарын қарсылықсыз орындайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Үндістанда ересектердің төрттен бірі сауатсыз деген дерек бар. Олардың басым бөлігін әйелдер, төменгі кастадағылар, аз тараған кейбір діни ағымдардың өкілдері, кедейлер, сондай-ақ, елдің солтүстік-шығысындағы тұрғындар құрайтын көрінеді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «Экспресс-К».

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10