25 Маусым, 2015

Маңғыстауда ағалы-інілі қос жігіт теңізге батып кетті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-06-2015-suga-ketti-01АҚТАУ. 25 маусым. Маңғыстауда ағалы-інілі қос жігіт теңізге батып кетті. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға Каспийдің суға түсуге тыйым салынған аймағында болған. Ағайынды жігіттер бірін-бірі құтқарамын деп жүріп суға батып кеткен. Олардың бірі 17 жаста болса, екіншісі 21 жаста екен. Құтқару қызметі інісін бірер сағаттан соң тапқан, ал ағасын 15 құтқарушы екі тәуліктен бері тынбай іздестіргенмен, табылмауда. Шомылу маусымы басталғалы 7 адам Каспийге батып кеткен. Алайда, оқиғалардың басым бөлігі  қауіпті аймақтарда тіркелген. «Ағынмен алып кетті деген болжаммен үлкен кеме мен гидроциклді теңізге шығарып, адамды іздеп жатырмыз. Бұл жер екі жағынан бағанамен қоршалған. Билборд пен тақтайшалар қойылған. Соған қарамастан, демалушылар осы жерге келіп суға шомылуда», – дейді Маңғыстау облыстық суда құтқару қызметінің басшысы Айбол Жұмашев. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлері суға түсу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz.