13 Мамыр, 2015

Сенаторлар – Маңғыстау облысында

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Ақтау қаласында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс барысында еліміздің Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру аясында Маңғыстау облысында бизнестің әлеуметтік жауаптылығын дамыту мен оны жетілдіру шаралары және оны құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

00693

Отырысты аша келіп, комитет төрағасы Ақан Бижанов қазіргі кезде бизнес пен кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлі тек материалдық құндылықтар жасау және кіріс алумен шектелмейтінін атап өтті. Бизнес өкілдері жаңа жұмыс орындарын ашуға, еңбек жағдайын жақсартуға және аймақтардағы әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге қатысуға әлеуметтік міндеттерді алып отыр. «Егер де бизнес өркениетті болса, онда мемлекеттің әлеуметтік өмірдегі ынтымақтастық аясы да ауқымды болады», – деді сенатор. Бұл үдеріс бизнестің әлеуметтік жауаптылығы жөніндегі Жез­қаз­ғандағы республикалық форумда қоғамды дамытудың ауқым­ды міндеттерін шешудегі Мемле­кет басшысы белгілеген кәсіпкер­лік­тің сапалық тұрғыдағы жаңа меже­сінен бастау алғаны атап өтілді. Маңғыстау облысының әкі­мі А.Айдарбаев кездесуге қаты­су­шыларды халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, аймақтағы әлеу­меттік-экономикалық өркен­деу мәселелері бойынша атқа­рылған жұмыстар туралы хабардар етті. Маңғыстау облысының аума­ғында жұмыс істейтін жер қой­науын пайдаланушы компаниялар аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағыт­талған стратегиялық жоспарларды іске асыруға белсенді қаты­сып келе жатқаны, келісімшарт міндеттемелері аясында әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға қаржы бөлу, аймақтағы бизнестің корпоративтік жауап­кершілігін дамыту және осы салада туындаған өзекті мәселелер туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ілмұхамбетова егжей-тегжейлі баяндады. Сенатор С.Бектұрғанов әлеу­меттік әріптестік пен бизнесті дамыту саласындағы депутаттардың заң шығару қызметі туралы әңгі­меледі. Сондай-ақ, Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму минис­трінің орынбасары Д.Арғын­дықов, Маңғыстау облысын­дағы Кәсіпкерлер палатасы ди­рек­торының орынбасары Г. Қалам­қали, «Волна» АКФ ЖШС дирек­торы Н.Карась, «Маңғыстау­мұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Ж.Төлеғожаев және бизнес қауымдастықтары мен жұртшылық өкілдері сөз сөйледі. Көшпелі отырыс барысында сенаторлар «CASPI BITUM» БК ЖШС, «Каспий» тұщыту зауыты» ЖШС, «Kazakh Osseter» ҒӨК» ЖШС секілді бірқатар кәсіпорындарда болды және Қазақ-түрік лицейіндегі оқу үдерістерімен танысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.