Қазақстандықтар мен Достастық елдерінің өкілдері Елбасымызды құттықтауда
Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары көптеп түсуде. Қазақстан Республикасындағы ресми адамдар, азаматтар мен ұйымдар өздерінің хаттары мен жеделхаттарында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейжасымен және мемлекеттік мереке – Елорда күнімен құттықтайды.
Белгілі қазақстандықтар Президентті шын жүректен құттықтап, игі тілектерін білдіріпті. Армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов өз жеделхатында: “Сізді мерейжасыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алғайсыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және елімізді алға жетелей беруіңізді тілейміз”, – деп жазады.
Осындай мазмұндағы хаттар мен жеделхаттарды жолдаушылардың арасында Кеңес Одағының Батыры, өскемендік Павел Кольцов және Социалистік Еңбек Ерлері: Қостанайдан Кәмшат Дөненбаева, Ақмола облысынан Ибрагим Жанғоразов, Шығыс Қазақстан облысынан Қазыбек Демеубаев, Шымкенттен Әуесхан Салықбаев бар. “Біз, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, бұрынғы фашистік лагерьлердің тұтқындары және тыл еңбеккерлері Сізді туған күніңізбен құттықтап, деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз, – деп жазады бұрынғы фашистік лагерьлердің зардабын тартқан 83 жастағы Нина Еваковская Ақмола облысынан. – Жеңістің 65 жылдығына орай көрсеткен материалдық көмегіңізге шексіз ризашылығымызды білдіреміз”.
Қазақстандық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері өздері жолдаған хаттарында Президентке республика халқының әлеуетін арттыруға бағытталған саясаты үшін зор алғыстарын білдіреді. Олардың қатарында Алматы облысының құрметті азаматы Бекболат Тұрысжанов, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Құрманбекұлы, Екібастұздан С.Куржей, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі С.Жылқыбаев, Астанадан зейнеткер отбасы атынан Жеңіс Ғабдуллин, Түркістаннан зейнеткер Әбілдахан Шойманов қатарлы ел азаматтары бар. Президенттің атына Атырау облысынан Айған Дәулешевтен хат келді.
Өнер саласының қызметкерлерінен көптеген құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті. Алматыдан белгілі әртіс Тұңғышбай Жаманқұлов: “Қазақ елінің бағына келген ұлт перзенті екеніңізді сезіну біздер үшін зор бақыт әрі мақтаныш. Әлем мойындаған ақылман Елбасы, өз еліміз ерекше сүйіспеншілікпен үкілеген Ұлт көшбасшысы мәртебелері – Қазақстан жұртының мерейі”, – деп жазады.
Өздері жолдаған жеделхаттар мен хаттарында Мемлекет басшысын Алматыдан Қазақстан Республикасының халық әртісі Сара Тыныштығұлова, Семейден Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының директоры Я.Горельник құттықтайды. Осы қаладан Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ұжымынан құттықтау жеделхаты келді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қазақстандық кәсіпорындардың ұжымдары мен басшылары құттықтаған. Олардың қатарында Семей қаласынан “Жинақтау темір-бетон өндірістік бірлестігі” ЖШС жұмысшылары мен осы АҚ-тың басқарма төрағасы, Семей қаласының құрметті азаматы, Халық Қаһарманы Аким Атмачиди, “Рысбаев және К” ЖШС ұжымы, “Қазакей-НК” ЖШС құрылтайшылары В.Шегай, Б.Матжан, Р.Пирманов, Шығыс Қазақстан облысынан “Агрофирма Приречное” ЖШС жұмысшылары, сондай-ақ “Атамекен” одағы” ұлттық экономикалық палатасы бар.
“Астана – бұл Тәуелсіз Қазақстанның символы, оның жастығының, алға ұмтылуының, перспективасының бет-бейнесі. Астана – бұл жаңа бастамалар мен армандардың қаласы, іскер де арманы биік жас қазақстандықтардың қаласы, – делінген “Семей автожинақтау зауыты” ЖШС ұжымының хатында. – Сізді, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бәрі де анығында елорданың бас сәулетшісі деп есептейді”.
Президент поштасына ғылым мен білім саласының қызметкерлерінен құттықтау хат-хабарлары көптеп келуде. “Көп ұлтты республикада адамдар бір отбасы сияқты – бейбітшілік пен достықта өмір сүруде. Сіздің басшылығыңыздың арқасында біз әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысты еңсердік, – деп жазады Қызылордадан КСРО халық мұғалімі Төлепберген Қасымов. – Еліміз дами түсуде және нығайып келеді. Сондай-ақ Сіз жаңа елорданы тұрғыздыңыз. Әдемі қала үшін Сізге рахмет!”
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Алматыдан ғалымдар құттықтады, олардың қатарында академик Құрбан Аманниязов, КСРО құрметті мұнайшысы, академик Надир Надиров, профессор Елімхан Ермекбаев, техника ғылымдарының кандидаты Әлембек Жұмабеков, сондай-ақ Ақтаудан Гүлбану Шамшадинова мен Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Комаров атындағы орта мектептің ұстаздар ұжымы бар.
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының мұғалімдері былай деп жазады: “Сіздің дана саясатыңыздың арқасында, Глубокое ауданында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі “Балапан” бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап, ауданда 12 шағын орталық пен балабақша кешені іске қосылатын болады”.
Ақордаға құттықтаулар еліміздің әртүрлі ұлттық-мәдени бірлестіктерінен келіп түсіп жатыр. Олардың арасында Павлодардан жеделхат жолдаған “Эльбрус” этномәдени бірлестіктің басқарма төрайымы Мария Байрамқұлованы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха кентінен неміс орталығының мүшесі Нина Бюхертті атап өтуге болады.
“Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ халқының ұлы перзентіне, XXІ жүзжылдықта Қазақстан тарихын құру бақыты бұйырған, – деп жазады “Қазақстандағы ұйғырлар республикалық орталығы” АҚ төрағасы Ахметжан Шардинов. – Біз, қазақ немесе кәріс болсын, орыс немесе ұйғыр болсын, я болмаса өзбек немесе еврей болсын, ол маңызды емес, барлық қазақстандықтардың табыстарына қуанамыз. Біздің бәріміз де Қазақстан Республикасының азаматтарымыз және Сіз – біздің Президентімізсіз!”
Көптеген хаттар мен жеделхаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мына төмендегі қазақстандықтардан келіп түсті – Тараздан Г.Мұсашев, Қарағандыдан Бақыт Жәкішева мен Жасұзақ Сұлтанбеков, Оралдан Эмилия мен Айжан Дінішевалар, Шығыс Қазақстан облысынан Айжұлдыз Тілейлесова. Президентті Алматыдан – Иса Тұманов, Жақсыбай Бәзілбаев, Есболған Тегісботұлы, Исмаиловтар отбасы, Зәйтүн Жандосова, Бижамал Рамазанова құттықтады.
“Еліміздің гүлденуі мен бейбітшіліктің, оның интеллектуалдық және ғылыми әлеуетінің, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың кепілі бола беріңіз”, – делінген Алматыдан жолданған Роза Дауылбаева мен Рүстем Бияшевтің жеделхатында.
Құттықтау хаттары мен жеделхаттарын Қарағандыдан Надежда Васильева, Талдықорғаннан Аралбаевтар отбасы, Семейден Гүлнәр Исмағұлова, Тараздан Жанахметовтер, Петропавлдан Искаковтар, Аралдан Құралай Меңдіқұлова, Нұргүл, Талдықорғаннан Бақытжамал ана мен оның балалары жолдапты. Мемлекет басшысына Түркістаннан хат жолдаған Шайықбек Құдайбергенов өзіндегі үлкен қуанышты – 6 шілдеде өмірге келген сәбиге Президенттің құрметіне – Нұрсұлтан деп есім бергенін қуанышпен жазады.
Оралдан Л.Токашилова, Алматыдан Надежда Теслюк, Екібастұздан Анна Пастушенко, Қызылордадан Ханзада Құнанқараев өздері жолдаған құттықтауларын жыр жолдарымен кестелеген.
Сондай-ақ Президентті Астанадан Кеңесхан Жанғұршықов, Алматы облысынан Мақпал Мұқанбекова, Алматыдан Қайым Мұхамедхановтар отбасы, Асқар Талқанбаев, Сәкеновтер, Ақтөбеден Бекжан Есіркепов, Әжен Қанбиби, Асылмұрат Тұрғанбекұлы, Найля Өтебаева, Көкшетаудан Любовь Макетие, Қабира Сақыпова, Оңтүстік Қазақстан облысынан Пулат Тұрманов, Қарағанды облысынан Бағлан Өтепбергенов, Қарағандыдан Марат Назарбаев, Тараздан Безілбековтер, сондай-ақ Талдықорғаннан Карбоз Орынбек құттықтады.
Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясынан көптеген құттықтау жеделхаттар келіп түсті.
Евгений Примаков өзінің жеделхатында Қазақстан Президентінің даусыз мақтан етуге болатын саңлақ көшбасшылар қатарына жататынын атап өтіпті. “Біздің халықтарымыздың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында тығыз интеграцияға ұмтылуы Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Сіздің күш-жігеріңізбен тарихи, жалпыадамзаттық мәні бар Еуразия қоғамдастығы формуласы өмірге енгізілуде”, – деп жазады ол.
Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Виктор Черномырдиннің құттықтау жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жылдық жемісті еңбегі әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдарды тәнті еткені айтылады. “Сіздің күш-жігеріңіз өзіңіз негізін салған Қазақстанның мүддесіне, бейбітшілікті нығайту ісіне, тату көршілік пен сенімді серіктестік қатынастарды дамытуға, қызметтің барлық саласы бойынша халықаралық әріптестікті кеңейтуге қалтқысыз қызмет етіп келеді”, – делінген жеделхатта.
“Роснанотех” мемлекеттік корпорациясының бас директоры Анатолий Чубайс өзінің құттықтауында Президент Назарбаевтың арқасында Ресей көптеген сала бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сенімді серіктес және адал дос тауып отырғанына тоқтала келе: “Ресейлік нанотехнологиялар корпорациясында біз жалпы бюджеті 3 млрд. рубльді құрайтын ресейлік-қазақстандық еншілес қорын құруға уағдаласа отырып, инновация саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға үлес қоса алғанымыз үшін мақтанамыз. Қор қызметі біздің елдеріміз экономикасының жеделдетілген жаңаруын қамтамасыз етеді”, – деп жазыпты.
“Росатом” мемлекеттік корпорациясының бас директоры С.В.Кириенко Нұрсұлтан Назарбаевты мерейжасымен құттықтап, жемісті еңбек етуін және ойға алған барша жоспарының орындалуын тілейтінін білдіріпті.
“Әлі де ұзақ жылдар бойы күш-жігеріңіздің, қайратыңыздың және шығармашылық әлеуетіңіздің сарқылмауын тілеймін”, – депті Қазақстан көшбасшысына жолдаған өзінің құттықтау жеделхатында Ресей Жинақбанкінің басқарма төрағасы және президенті Герман Греф.
Президент Н.Назарбаевты мерейжасымен “Газпром” ААҚ басқармасы атынан А.Б.Миллер құттықтады. “Газпромның” басқарма төрағасы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының газ саласындағы екі жақты тиімді серіктестігі одан әрі табысты дами беретініне және нығая түсетініне сенім білдіріпті.
Башқұртстан Республикасының Президенті М.Рахимов Нұрсұлтан Әбішұлын мерейжасымен қызу құттықтай отырып, өзінің жеделхатында былай деп жазады: “Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени әлеуетін қарқынды арттырып келеді, әлемдік қоғамдастыққа белсенді кірігуде. Біздің республикаларымыздың арасындағы іскерлік байланыстар да барған сайын жандана түсуде”.
Ингушетия Республикасының Президенті Юнус-Бек Евкуров Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлін өте жоғары бағалайды. Евкуров өзінің жеделхатында: “Қазақстан ингуш халқы үшін екінші Отан болып саналады. Қазақ халқы да ингуштардан өздерінің адал сенімді достарын тауып отыр”, – деп жазады.
Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевқа “асқан дана адам, мойындалған көшбасшы және тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізін қалаушы” ретінде өте жоғары құрмет білдіріпті. Кемеров облысының губернаторы “Қазақстанның экономикадағы, әлеуметтік саладағы феномендік жетістігі” Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қызметі барысында Қазақстан халқы үшін өлшеусіз күш-жігер жұмсағанының көрінісі деп санайды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейжасына байланысты ақ тілекке толы құттықтаулар Ресей Федерациясының өзге облыстары губернаторларынан көптеп түсті. Атап айтқанда, Орынбор облысынан Ю.А.Берг, Астрахань облысынан А.А.Жилкин, Саратов облысынан П.Л.Ипатов, Свердлов облысынан А.С.Мишарин, Пенза облысынан В.К.Бочкарев, Киров облысынан Н.Ю.Белых, Мурманск облысынан Д.В.Дмитриенко, Калининград облысынан Г.В.Боос құттықтаулар жолдаған.
Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы В.Е.Чуров Президент Нұрсұлтан Назарбаевты мерейжасымен құттықтап, мерейжас иесіне зор денсаулық және Қазақстанды дамыту жолында жаңа табыстар тіледі.
Қазақстан Президентінің атына РФ Мемлекеттік Думасындағы “Біртұтас Ресей” фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары, Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының Батыры А.Н.Чилингаровтан құттықтау жеделхаты келді. Белгілі ғалым, поляр зерттеушісі Ресей мен Қазақстан арасындағы берік достықты нығайтудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалайды. “Мен біздің кездесулерімізді ыстық ықыласпен еске аламын және Ленинград қоршауы жылдарында өзіме пана болған Қазақстанға шексіз ризашылығымды білдіремін”, – деп жазады А.Н.Чилингаров.
Ресейлік парламентшілер де өздері жолдаған құттықтау хаттар мен жеделхаттарда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегін үлкен құрметпен атап өтеді және мерейжаспен құттықтайды. Олар: РФ Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің мүшелері А.А.Аслаханов, Ю.В.Смирнов және Н.И.Рыжков, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты О.В.Савченко, Алтай өлкелік заңшығару жиналысының төрағасы И.И.Лоор.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейжасымен және Астана күнімен ТМД Экономикалық сотының төрағасы Ф.Абдуллоев, РФ Президентінің кеңесшісі Ю.К.Лаптев, “Днепровский меткомбинат” ААҚ бас директоры И.Д.Буга, “КамАЗ” ААҚ бас директоры С.А.Когогин, “Мечел” ААҚ бас директоры И.В.Зюзин, “Банк ВТБ” ААҚ президенті-төрағасы А.Л.Костин, Ресей Агроөнеркәсіптік одағының төрағасы И.А.Оболенцев, “МРСК” холдингінің бас директоры Н.Н.Швец, С.М.Вайншток, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің директоры В.Н.Игнатенко, “Новые Известия” газетінің бас редакторы В.В.Яков, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының ректоры В.К.Егоров, Омбы университетінің профессоры Н.А.Томилов, Днепропетровск облыстық кеңесінің төрағасы Е.Г.Удод, Днепродзержинск экономика және менеджмент институтының директоры В.Швец және Днепродзержинск украин-қазақ достығы қоғамының тең төрағасы Л.Ежевский құттықтады.
Қазақстан Президентінің атына белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен де ақ тілектерін арнаған құттықтаулар келіп түсті. Олардың ішінде кинорежиссер Георгий Данелия, Ресей халық әртістері Владимир Винокур, Алексей Гуськов, КСРО халық әртістері Надежда Павлова, Игорь Лученко, ақын Анатолий Лукьянов-Осенев, РФ еңбек сіңірген әртісі Анита Цой бар.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерейжасымен Беларусь, Қырғызстан, Ресей және басқа да Достастық елдерінің азаматтары хат, жеделхаттар арқылы құттықтады: Великие Лукиден В.С.Гаркуша, Бішкектен А.Какеев пен Е.С.Абдикаимов, Краснодар өлкесінен С.В.Янковский, Киев қаласынан А.П.Мурашко, Екатеринбургтен Б.Е.Поляков, Пензадан Зиновьевтер отбасы, Астраханьнан М.Бисенгалиева, Благовещенскіден В.Нихаенко, Р.Х.Макуев, Мәскеуден В.Лобов, Зеленоградтан Г.В.Боева және Омбыдан А.Ордабаев құттықтау жолдапты.