Көрме • 29 Қаңтар, 2026

«Аттила» есік ашты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапешттегі Мажар Ұлттық музе­йінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйым­дастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Мар­ғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.

«Аттила» есік ашты

Ашылу салтанатына Мажарстан Мәдениет және инновациялар министрі Балаш Ханко, Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, ТҮРКСОЙ» бас хатшысы Сұлтан Раев, Мажар Ұлттық музейінің прези­денті Габор Жигмонд, «Мажар-Тұран» қоры­ның президенті Андраш Жолт Биро, сондай-ақ ­Әзер­байжан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия ­сынды бірқатар елдің музей басшылары мен ғалым­дары қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ұйымдастырылған көрмеде 13 елдің 64 музейінен жиналған 400-ден астам бірегей тарихи жәдігер ұсынылған. Экспозиция ғұн дәуірінен бастап бүгінге дейінгі шамамен 1600 жылдық тарихи кезеңді қамтып, Аттиланың тұлғасы мен ғұндар мұрасы әйгіленді. Көрмеге Отанымыздан табыл­ған ғұн дәуірінің археологиялық жәдігерлері де қойылды.

Көрме аясында «Еуропалық ғұндар және далалық археологияның соңғы жетістіктері» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, оған Мажарстан, Түркі мемлекеттері және Моңғолиядан келген жетекші археологтер мен зерттеушілер қатысты. Мажар ұлттық музейіндегі «Аттила» көрмесі 23 қаңтардан 12 шілдеге дейін көпшілік назарына ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар