Қоғам • 29 Қаңтар, 2026

Автобуста кітап оқиды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында жолаушы таситын №2, №5 бағытындағы автобустарда кітап сөресі пайда болды. «Бұл әлемдік BookCrossing идея­сының жаңғырған түрі» дейді ұйымдастырушылар.

Автобуста кітап оқиды

Жаңа бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қолға алынған екен. Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыс­тық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы Орал қала­лық жолаушы тасымалы бөлімімен бірлесе кіріскен жоба әзірге қала ішіндегі негізгі екі маршрут автобустарын қамтыған.

– Жолаушыларға ұсынылып отырған кітаптарды жергілікті қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері тегін сыйлады. Сол арқылы ізгі бастамаға барынша қолдау білдіріп жатыр. Бәрінің де ниеті – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқу мәдениетін күнделікті өмірмен ұштастыруға бағытталған, – дейді Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова.

Бұл жобаға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыс­тық білім басқармасы да қолдау білдіріп отыр. Болашақта шалғай елді мекендерге баратын қоғамдық көліктерде де осындай сөрелер пайда болуы мүмкін.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар