«Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңда тұңғыш рет «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Аталған құрылым жай ғана консультативтік, формальды органға айналмас үшін, 70-2-баптың редакциялық нұсқасында «Қазақстан халық кеңесі» Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл – халықтың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне жүйелі енгізуге арналған саяси институт. Яғни, жоғары консультативтік органның мүшесі болып табылатын кез келген Қазақстан азаматы заң шығару бастамасын көтере алады. Бұл – азаматтарға берілген нақты конституциялық мүмкіндік», деп атап өтті ол.
Депутаттың айтуынша, Халық кеңесінің маңызы арта түседі. Ол жаңа саяси алаңға, мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін орталыққа айналады. Ең бастысы – Халық кеңесі толықтай ашық құрылым болады және оған кез келген азаматтың, барлық этностардың, кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мақсаты – мықты институттарға сүйенетін мемлекет қалыптастыру.
Динара Закиева: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі