Халық • Бүгін, 11:51

Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2026 жылдың қаңтар айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформаны азаматтардың қабылдауы мен бағалауын анықтауға бағытталған сауалнама өткізді. Телефон арқылы ұйымдастырылған сауалнама нәтижесінде қаңтар айында халық назары әлеуметтік-саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларда болғаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Фото «Егемен Қазақстан» архивінен

Сауалнамаға қатысушылардың 32,7%-ы айдың ең маңызды оқиғасы ретінде Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайды, тағы бір 30,7% бөлігі Салық кодексінің күшіне енуін елеулі оқиға ретінде атаған. Көрсеткіш жұртшылықтың әлеуметтік-саяси мәселелерге айрықша ден қоятынын аңғартып отыр.

Сонымен қатар, азаматтар спорттық және мәдени жетістіктерді де елеусіз қалдырмаған. Мәселен, респонденттердің 18,3%-ы шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваның жетістігін, ал 9,3%-ы теннисші Александр Бубликтің жетістігін ерекше екшеген.

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты азаматтар назарының әлеуметтік-саяси өзгерістерде болуы жүргізіліп отырған реформаларды халықтың дер кезінде қабылдауының айғағы екенін мәлімдеді. Бұл пікірді 79% респондент қолдаса, олардың 48,2%-ы реформаларды «уақтылы деуге болады» десе, 30,8%-ы «толықтай уақтылы» деген ой білдірген.

Бір палаталы Парламентке өту (31,1%), Вице-президент лауазымын енгізу (21,6%), Халық Кеңесін құру (20,1%), сондай-ақ жалпы конституциялық реформаны өткізу (15,2%) респонденттер тарапынан ең маңызды әрі есте қаларлық реформалар ретінде анықталып отыр.

Сонымен қатар зерттеу нәтижелері қоғамның бір бөлігінің әлеуметтік-саяси күнтәртібіне қатысты белсенді талқылаулардан әзірге тыс қалып отырғанын көрсетті. Мысалы 24,4% респондент Ұлттық құрылтай туралы ешнәрсе білмейтінін атап өткен.

Алдағы реформалардан ел азаматтарының не күтетінін анықтауға арналған сауалнаманың жеке бір бөлімі олардың бірінші кезектегі мемлекеттің ашықтығы мен орнықтылығының артуын атаған. Осы тұста респонденттер тарапынан мемлекет пен халық арасындағы диалогты кеңейту (32,3%), мемлекеттік басқару сапасын жақсарту (23,3%), бүгінгіден де тұрақты саяси жүйе қалыптастыру (18,9%), елдің тәуелсіздігін нығайту (17%), мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты кеңейту (12,1%), парламенттің рөлін күшейту (11,3%) және демократияландыруды одан әрі тереңдету (9,3%) қажеттілігі анықталып отыр.

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Сауалнамаға қатысушылардың едәуір бөлігі конституциялық реформалардың жүргізілуін өзінің жеке тұрмыс деңгейінің жақсаруымен тікелей байланыстырған. Жалпы алғанда 65,1% респондент ұсынылып отырған өзгерістер олардың жеке өмірі мен тұрмыс деңгейінің оң жаққа өзгеруіне әсер ететініне сенімді: 34% респондент «иә, сөзсіз» нұсқасын, ал 31,1% «көбінде иә» жауаптарын таңдаған.

Жаңа Парламенттен азаматтар бірінші кезекте ашықтық, нәтижелі жұмыс және халықпен белсенді диалогты күтеді. Нақтырақ айтқанда, респонденттер Құрылтай депутаттары халыққа көбірек құлақ асады (37,8%) және адамдардың өмірін жақсартатын шешімдерді қабылдайды (32%) деген үміті барын аңғартты.

Сонымен қатар, халық жаңарған Парламенттен жаңа саяси тұлғалардың пайда болуын (11,1%), қоғамдық талқылаулар мен оларға халықтың қатысуының көбеюін (6,2%) және заң шығарушы органның жалпы ықпалының күшеюін күтеді (6%).

Құрамына этномәдени бірлестіктердің, мәслихаттардың, қоғамдық кеңестер мен Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері кіреді делінген жаңа жоғары консультативтік орган Халық кеңесінен азаматтардың күтілімдеріне келсек: респонденттердің басым көпшілігінің пікірінше (66,2%) ол барлық азаматтардың мүдделерін тең дәрежеде алға тартады.

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді

Респонденттердің едәуір аз бөлігі Халық кеңесі өз қызметі мен шешімдерінде көбірек жеке топтардың қызығушылықтарына бағытталады деп есептейді. Бұл қатарда мәслихатты – 8,8%, ірі қоғамдық бірлестіктерді –7,3%, аймақтық қоғамдық кеңестерді – 5%, этномәдени бірлестіктерді – 4,8% адам белгілеген.

«Жалпы, әлеуметтану бағытындағы зерттеу нәтижелері азаматтардың жүргізіліп отырған конституциялық реформаның мәніне, өкілді демократияның жаңа институттарының құзыретіне қызығушылық танытатынын, олар туралы жеткілікті жоғары деңгейде хабардар екенін, сондай-ақ олардың ашық әрі тиімді жұмыс атқаруына деген қоғамдық сұраныстың бар екенін көрсетеді. Осының нәтижесі ретінде сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым көпшілігі алдағы конституциялық реформаны қолдайтынын білдіреді. Жалпы алғанда, бұл – респонденттердің 78,4%-ы, олардың 40,1%-ы реформаны «көбіне қолдайды», ал 38,3%-ы «толық қолдайды». Бұл көрсеткіштер өз кезегінде реформаның уақтылы әрі қоғам тарапынан сұранысқа ие екенін растайды», делінген «Қоғамдық пікір» зерттеу институты таратқан хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар