13 Мамыр, 2015

Британия капиталдың рекордтық жылысуына тап болды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвесторлар Британиядан өз капиталдарын асығыс түрде әкету үстінде. Бұл жайында CrossBorder Capital консалтингтік фирмасының деректеріне сүйене отырып, CNBC.com co сайты хабарлаған. Соңғы 15 айдың ішінде Брита­ниядан капиталдың кету көлемі 356 миллиард долларды құрап отыр. Оның үстіне соңғы айларда жағдай едәуір дәрежеде ушы­ға түскен. Тек наурыз айының өзінде ғана инвесторлар 24 миллиард долларды шығарып әкеткен. Бұл 2005, 2010 жылдарғы ауыр жағдайды есепке алғанның өзінде ең қиын рекордтық көрсеткіш болып отыр. Өйткені, көрсетілген ауыр кезеңнің өзінде де капиталдың қашуы мұндай шекке жетпеген еді. Инвесторлар өз капиталдарын екі түрлі себептің ықпалымен әке­­ту үстінде. Біріншіден, Брита­ния парламентіндегі сайлау нәти­жесі Еуропалық одақтың анти­интеграциялық саясатының пай­да­сына шешіліп, бұл жағдай мәсе­лені одан әрі ушықтыра түсуі мүм­кін. Екіншіден, Британиядан өз капиталдарын әсіресе, ресейлік инвесторлар әкету үстінде. Өйткені, олар ерте ме, кеш пе өздерінің қаржы­лары санкциялауға түседі деп қауіптенуде. Сондай-ақ, капиталдың кетуіне елдегі ішкі инвесторлардың мем­лекеттік облигациялардан тезірек құтылуға асығуы да себеп болуда. Олар осыдан босаған қаражаттарын дамушы елдердің борыш қағаздарына салуды жөн көріп отырған іспетті. Өйткені, дамушы елдердегі мұндай қағаздардың кірістілігі британ облигацияларына қарағанда әлдеқайда жоғары болып отыр.
Соңғы жаңалықтар