Оқиға • Бүгін, 11:52

Атырауда инватакси қызметінде заң бұзушылықтар анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой аудандық прокуратурасының қызметкерлері инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда инватакси қызметінде заң бұзушылықтар анықталды

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің дерегінше, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар қозғалыс кезінде және диспетчерлермен байланыс орнатуда негізсіз шектеулерге тап болған.

«Прокуратура қызметкрелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқығының сақталуына талдау жүргізді. Талдау кезінде жергілікті инватакси қызметі ауылдық округтер мен елді мекендерге көрсетілмегенін, диспетчерлік қызметтің жұмысы тиісті түрде ұйымдастырылмағанын анықтады. Нәтижесінде Жылыой ауданында тұратын 156 тұрғынның құқығы толықтай қалпына келтірілді», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Мүгедектердің құқығын бұзып, өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін үш лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инватакси қызметі оңтайланды: енді азаматтар көлікті жылдам таңдай алады

Соңғы жаңалықтар