Қоғам • 04 Ақпан, 2026

Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді жұмыс істемейтін әкелердің кәмелетке толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Бұл нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады

Сонымен қатар депутаттардың бастамасымен Еңбек кодексіндегі «жалғызбасты ана» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» болып өзгертіледі.

Декреттік төлем әр анаға әрқалай есептеледі. Неліктен?

Айта кетейік, жұмыс берушіге жалғызбасты ата-аналарды (жынысына қарамастан) өз бастамасымен жұмыстан шығаруға қатаң тыйым салынады.

Бұдан бөлек, жергілікті мәслихаттардың өкілеттігі типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын дербес әзірлеу, бекіту бойынша толықтырылады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35