25 Ақпан, 2015

Мұғалім наубайхана ашты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Надежда Еркебаева бесінші баласын өмірге әкеліп, бала күтімі үшін демалыс алған. Бұған дейін Жанбай ауылындағы орта мектепте ағылшын тілінен дәріс берген. Енді бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында енесі Ләззат Тастановамен бірге наубайхана ашуға бел буыпты. Өз қаржысына сатып алған наубайхана технологиясын іске қосып, нан және нан өнімдерін шығара бастады. Қазір оның басқаруындағы «Жайна» наубайханасының ыстық пешінен шыққан өнімдерге сұраныс артып келеді. «Біздің наубайханамызда пісірілген нан және нан өнімдерін ауылдағы 8 дүкен, мектеп пен балабақша асханалары тапсырыс­пен алады. Көршілес Зинеден ауылының тұрғындарына да өз өнімдерімізді ұсынамыз. Әр күн сайын тұтынушыға 350-ге жуық нан бөлкелері жөнелтіледі. Осы ісімді кеңейтіп, ауылдастарыма қосымша жұмыс орнын ашуды ойластырып жүрмін», дейді отбасылық кәсіпті дөңгелете бастаған демалыстағы мұғалім Надежда Еркебаева. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. сурет: http://strategy2050.kz