АСТАНА. 26 наурыз. Қызылорда облысы әкімдігінің ахуал орталығында облыстық құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің жоспардан тыс көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Отырысқа облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов және онлайн-режимдегі бейнебайланыс арқылы қала, аудан әкімдері мен құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиында Мал ұрлығымен күресте және әшкерелеуде ішкі істер органдарының атқарған жұмыстарының тиімділігі мен заңдылыққа бағытталған мүдделі органдардың жұмыстарының пәрменділігі талқыланды.
Облыстың елді мекендердегі тұрғындары, негізінен мал шаруашылығымен айналысып, халықтың қосалқы, кей жанұялардың негізгі күн көріс көздерін құрайды.
Былтыр облыс көлемінде 783 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп, оның 374-і топпен жасалған. Ал 2015 жылдың 2 айында осы санатта 234 қылмыстық құқық бұзушылық бірыңғай тізілімге тіркеліп, 169-ы ірі қара мен 65 ұсақ мал қолды болған. Аталған қылмыстар есік алдындағы қорадан, өрісте, тас жол бойында жайылып жүрген жерінен ұрланған.
Мал ұрлығы қылмыстарының өсуінің бірден-бір себебі – қомақты пайда табу және ұрланған малды өткізу орындарының болуы, малдарының жоғалғаны туралы иелерінің құқық қорғау органдарына кеш хабарласуы болып отыр.
Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа-қожалық иелері мал қораларына тиісті назар аудармайды. Күзетші, бақташы жалдаудан бас тартуы ұрлық жасауға ықпалын тигізуде.
Жалпы, облыс көлеміндегі 147 ауылдық округтың 66-да ғана пада ұйымдастырылып, бақташымен қамтылған.
Мысалы, Қазалы ауданы, «Қызылқұм» ауылдық округінде пада жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру нәтижесінде соңғы екі жыл көлемінде бірде -бір мал ұрлығы орын алмаған.
Ал осы ауданның «Қарашеңгел» ауылдық округінде пада мен бақташы қамтамасыз етілмеуінен, 2014 жылдың өзінде 50 мал ұрлығы тіркеліп, 72 бас мал (ірі қара-36, жылқы-24, уақ мал-12) қолды болған.
2014 жылы соттарда осы санатта барлығы 19 қылмыстық іс қаралып, оның 8 іс бойынша 14 адамға қатысты айыптау үкімдері қабылданса, 20 адам жөнінде 11 қылмыстық іс тараптардың өзара татуласуына байланысты ақталмайтын негізбен өндірістен қысқартылған.
Мысалы, бұрын мал ұрлығы үшін сотты болған М.Ермекбаев Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылының тұрғыны Кенжалиевтің ауласындағы 1 200 000 теңге тұратын тоғыз жасар асыл тұқымды жылқысын ұрлағаны үшін, аудандық соттың үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Отырыс соңында кеңес мүшелерімен жоғарыда келтірілген ақпараттар назарға алынып, нәтижесі талқыланып, бірлескен іс-шаралар қабылданып, құқық қорғау және атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық прокуратурасымен облыс бойынша мал ұрлығы қылмысының төлқұжаты мен әдістемелік құралдар әзірленіп, құқық қорғау органдарына таратылды.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сурет: azattyg.org.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25