10 Шілде, 2010

БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

543 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кентауда биылғы жылы 15 мың гектарға 20 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның 5 гектар жеріне 2 мыңға жуық тал егіліп, “Жасыл аймақ” жасалады.Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты ел халқына Жол­дауында “Өңірлердің дамуы – ел­дің дамуы” екендігі атап көр­сетіліп, ел көлемінде өндіріс ай­мақтарын құ­рып дамыту, ауыл ша­руашы­лы­ғы­на баса мән беру және ел көле­мін­де көгалдандыру, көр­кейту істе­рін қолға алу баршаның міндеті екен­дігі атап көрсетілген. Осы ба­сым­дықтар қазіргі кезде Астана, Алматы қалаларынан бас­тау алып, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан об­лысының әкімі Асқар Мырзах­метов­тің бастамасымен Шымкент қаласында жалғасын тауып отыр. Ал бүгінгі күні бұл игілікті іс-шара шалғайда орна­ласқан аудандар мен қалаларда да жүйелі түрде жүзеге асуда. Елба­сымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауын негізге алған Кентау қаласының әкімдігі де қаланы көгалдандыру ісін қолға алды. Қала әкімдігінің бастамасы­мен ұйым­дастырылған сенбілікке қала әкімі Көктембек Табылдиев, қала тұрғындары үлкен белсенділік­пен қатысып, қалаға кіре беріс ай­маққа ағаш көшеттерін отырғызды. Кезінде қазақтың заңғар жазушысы М. О. Әуезов “Қаратау тәжі” деп баға берген кеншілердің қаласы Кентауда биылғы жылы 15 мың гектарға 20 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның 5 гектар жеріне 2 мыңға жуық тал егіліп, “Жасыл аймақ” жасалады. Елбасымыз әр жылғы Жолдау­ларында ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, еліміздегі шағын қалалар мен ауылдардың, өңірлердің дамуына баса мән беріп, ел азаматтарының әл-ауқатының жақсаруын бірінші кезекке қойып келеді. Мемлекет басшысының сындарлы саясаты­ның жергілікті жерде жүйелі түрде жүзеге асуына, көрсетілген іс-ша­ралардың дер кезінде орын­далуына бар-күш жігер жұмсалатын болады. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.