фото: olympic.kz
Бұл сайыста ел намысын Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреев қорғады.
Құрама сапында ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 53-орында мәреге жетті. Ал Әсет Дүйсенов жарысты 74-орында аяқтады.
Қысқы Олимпиада: Шаңғышылар спринт сынында іріктеуден өте алмады
Йохан-Олав Ботн (Норвегия) жеңіске жетті. Франция спортшысы Эрик Перро күміс медальға ие болса, қола жүлде Стурла Легрейдке (Норвегия) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.