Экономика • Бүгін, 14:51

Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымы бойынша алдағы кезеңнің басым міндеттері нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды

Фото: Ерсайын Нағаспаев. Үкімет, телеграм

Өнеркәсіп және құрылыс

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірісті қолдау, арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) жаңғырту және геологиялық барлауды күшейту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Бүгінде отандық тауар өндірушілер тізілімінде 5,6 мың компания тіркелген.

Министрдің айтуынша, АЭА қызметі кезең-кезеңімен трансформацияланады. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтарда өңдеу өнеркәсібі бойынша жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 555 жоба іске асырылып, 33 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Терең өңдеу саласында шикізат экспортын реттеу және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Сонымен қатар маңызды минералдар саласын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Геологиялық барлау бағытында алдағы 3 жылда қаржыландыру көлемін соңғы 30 жылда тартылған инвестиция деңгейіне жеткізу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңі басталатынын айтты. Негізгі назар 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға және саланы жеңілдетілген қаржыландыру шеңберін кеңейтуге аударылады. Ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту, қадағалаудың цифрлық құралдарын енгізу міндеттері де айқындалған.

Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінде 2026 жылдан бастап инвестициялық субсидиялар ұлғайтылып, қосылған құн салығы төмендетіледі. Шикізатты қайта өңдеу және терең өңдеу бағытындағы жаңа жобаларға қосымша ынталандыру тетіктері қарастырылған.

Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады

Оқу-ағарту

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Президент тапсырмасына сәйкес, жекеменшік мектептерді қаржыландыру өңірлік қажеттілікке сай басым жобаларға бағытталады әрі олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бақылау күшейтіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру тетігі оң нәтиже берген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 25,7 млрд теңге үнемделген. Бұл жүйені кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыру барысына тоқталды. Қазіргі уақытта Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасы негізінде қолдау шараларын проактивті форматқа көшіруге дайындық жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге еңбек нарығын жаңғырту міндеті қойылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі аясында Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құру жоспарланып отыр. Оның шеңберінде сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау және оқыту бағдарламалары іске қосылады, оқушылардың кәсіптік диагностикасы кеңейтіледі.

Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылғанын хабарлады. Бұл жүйе саланың ІТ шешімдерін біріктіріп, үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе мен денсаулық сақтау порталын іске қосу 2026 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында «Әлеуметтік әмиян» тетігі дамып жатыр. 2025 жылы осы жүйе арқылы 13,8 млн-нан астам рецепт беріліп, бұл жалпы көлемнің 82 пайызын құраған.

Көлік 

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров транзиттік әлеуетті арттыру және цифрландыру шараларын баяндады. 2026 жылы транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген, бұл – 65 пайыздық өсім. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба аяқталады. Ресей және Қытаймен шекаралық инфрақұрылымды үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚТЖ» жол картасы мен жаңа тарифтік саясат бекітілген.

Автожол саласында Қызылорда, Сарыағаш, Рудный қалаларында 3 айналма жолдың құрылысы басталады. 33 өткізу пункті жаңғыртылып жатыр. Жасанды интеллект шешімдерін енгізу аясында Smart Cargo платформасын мемлекеттік және салалық сервистермен ықпалдастыру жалғасады. 2027 жылға дейін Біртұтас интеллектуалды көлік экожүйесін қалыптастыру жоспарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Соңғы жаңалықтар