10 Шілде, 2010

АРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ӨТТІ

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына төрағалығы шеңберінде 2010 жылы 8-9 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Абдулло Юлдашевтың арасында сыртқы істер министрліктері аралық консультациялары өтті.Консультациялар барысында тараптар Қазақстан­ның Ұйымға төрағалығына арналған ШЫҰ негізгі басымдықтары және Қазақстан бастамашысы болған көпжақты сипатқа ие және Ұйымның түрлі саладағы негізгі іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.