Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдап, оның негізгі қағидаларын кеңінен түсіндіру мен қоғамдық талқылауға жастар ұйымдарының белсенді атсалысуының маңызын ерекше айтты. Сонымен қатар, бірлік, келісім және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілету қажеттігіне назар аударылды.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Тимур Джумурбаев жаңа Конституция жобасы халық мүддесін шынайы бейнелейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат жастарды шешім қабылдау үдерістеріне белсенді тартуға жол ашып, жастар ұйымдарының жалпыұлттық диалогты дамыту мен ел бірлігін нығайтудағы рөлін күшейтеді.
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Студенттік Ассамблеялар төрағасы Александр Урмашов студенттік қауымдастық атынан сөз сөйлеп, конституциялық бастамаларды жастар арасында талқылау олардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыратынын жеткізді.
БҚО бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы Элгун Джаналиев өңірлік жастар ұйымдарының құқықтық диалог мәдениетін дамытудағы рөліне тоқталса, Павлодар облыстық өкілдік төрағасы Рамиль Смаилов жаңа Конституция жобасы ғылым мен білім құндылықтарын нығайтуға және адами капиталды дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретін маңызды платформа екенін айтты.
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты жазылады
Астана қаласындағы өкілдік төрағасы Лариса Пак қоғамдық-саяси реформаларды талқылауда ашық пікірталас пен инклюзивті өзара іс-қимыл алаңдарының маңызын жеткізді.
Жиын қорытындысында жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ үндеуі қабылданды.
«Біз, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, еліміздің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті терең сезіне отырып, жаңа Негізгі заң жобасын бірауыздан және толық қолдаймыз. Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау ерекше маңызды, әрі шешуші мәнге ие. Бұл – тек бүгінгі күнге ғана емес, ең алдымен келешек ұрпаққа арналған маңызды құжат.
Бізге, жастар үшін, бұл – өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтудің, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың және ел дамуына жауапкершілікпен атсалысудың берік негізі. Конституция жобасы – адамды басты құндылық ретінде айқындайтын, кемелденген, орнықты мемлекеттің мәлімдемесі. Жаңа Негізгі заңның өзегінде адамға бағытталған қағидат алынған.Мемлекет «Заң мен Тәртіп» қағидатына мызғымас адалдығын растайды, ал Әділетті Қазақстан идеясы бүкіл конституциялық құрылымның идеологиялық негізі ретінде қаланады.
Стратегиялық басымдықтар ретінде адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамытуды айқындау ұсынылады. Бұл тұжырымның астарында маңызды бағыт бар – елдің басты ресурсы ретінде білімнің рөлін күшейту. Бұл Қазақстанның қандай даму жолын таңдағанын және қоғам өмірінің негізіне қандай құндылықтар қаланатынын айқын көрсететін нақты белгі. Біз үшін Конституция жобасында жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясының мемлекет негізін құрайтын басты қағидаттардың бірі ретінде көрініс табуы ерекше маңызды. Дәл осы жасампаз патриотизм, еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылушылық қазіргі жастар үшін табысқа бастайтын негізгі бағдар болуы тиіс. Осыған байланысты біз елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды бірауыздан қолдайтынымызды нық сеніммен мәлімдейміз және Қазақстан жастарын жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз», делінген үндеуде.Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді