Президент • Бүгін, 15:51

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Фото: Ақорда

Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазір әлемдегі барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Соңғы жаңалықтар