АСТАНА. 13 мамыр. Ату жазасына кесілген Корея Халықтық Демократиялық Республикасының (КХДР) тағы бір шенеунігіне қатысты үкім жүзеге асты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
КХДР Халықтық қарулы күштер министрі Хен Ен Чхольге Отанын сатты деген айып тағылған. Себебі, ол әскери шара кезінде қалғып кетіп, мемлекет басшысы Ким Чен Ынның бұйрығын орындай алмаған. Нәтижесінде көпшіліктің алдында зениттік қарумен атып өлтірілді. Жапонияның Киодо агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, өлім жазасы 30 сәуірде болған.
Хен Ен Чхоль бұл қызметке 2014 жылдың маусым айында тағайындалған. 2012 жылдың шілде айынан 2013 жылдың мамырына дейін Солтүстік Кореяның Бас штабын басқарды. Аталған қызметке КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның ең сенімді адамдарының бірі, вице-маршал Ли Ен Хо отставкаға кеткеннен кейін тағайындалған болатын.
КХДР Қарулы күштерінің жетекшісін Бас қолбасшы Ким Чен Ын тікелей басшылық жасайтын мемлекеттік қорғаныс комитеті тағайындайды. Халықтық қарулы күштер министрлігі аталған комитетке бағынады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 13 Мамыр, 2015
Солтүстік Кореяда министр қалғып кеткені үшін ату жазасына кесілді

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59