25 Ақпан, 2015

Көк ту Қозыбасыда желбіреп тұруы керек

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
72707690Тарихқа көз жүгіртсек, 1465 жылы ғұ­ла­ма ғалым Мұ­хаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» кіта­бын­да Керей мен Жәнібек уы­ғын қадаған Қазақ хан­дығының құ­рылған жері – Шу бойы мен Қо­зы­басыда деп айтылады. «Ақын­дар сыры» атты жинақта халық ақыны Кенен Әзірбаевтың Қозыбасыны айтып өткен жырлары басылған. Қозыбасы атауы жыр алыбы Жамбыл ақынның «Сұраншы батыр» дастанында да кездеседі. Онда: «Алатаудың аты көп, Созылып жатқан қарлы жал. Теріскейі – Ұлы жүз, Күнгейінде қырғыз бар. Толып жатқан шоқысы, Шоқысының аты бар. Қозыбасы – Қордай жаясы, Содан өрлеп тартылар, Суықтөбе, Дегерес, Ұзынағаш, Көктөбе...» деп жырлайды ақын. Шу өзенінің бойындағы Атбасы шоқы­сының жанында су торабы салынған. Осы Атбасы хан Кененің қарауыл шоқысы болған. Отар стансасының батысында, Қордай бекетінің солтүстігінде Құлжабасы шоқысы бар. Аңырақай шайқасында көп сарбаздардың мерт болғанына байланысты Қушоқы аталып кеткен. Міне, осы аталған үш шоқы бір ендіктің бойында жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы ұйғарымы қарапайым ха­лық­тың қызу қолдауына ие болып, елді бір серпілтіп тастады.  Елдігімізді көр­се­те­тін осындай дүбірлі шараның қолға алын­ғаны мерейімді өсіріп, еліміздің Көк туы Қозыбасы жерінде желбіреп тұрса деген ті­ле­гімді жұртшылыққа ұсынуды жөн көрдім, ағайын. Нұрдәулет ӘЛІБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Жамбыл облысы.