ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі Алмат Ысмағұлов бастаған делегация көрші Челябі облысының Увелка ауданы (Ресей) басшылығының шақыруымен барып келді. Бұл туралы ainanews.kz хабарлады.
Шекаралық ынтымақтастық шеңберінде Қарабалық ауданы басшылығын, кәсіпкерлерін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді Увелка ауданының басшысы Анатолий Литовченко көршілер арасында бизнес-әріптестікті дамыту мақсатында шақырған болатын. Увелкалықтар қонақтарға аудан әкімшілігінен бастап, өнеркәсібін, даму жоспарларын, жетістіктері мен мәдени мұраларын көрсетті. Қарабалық делегациясы «Ресурс» жарма өңдейтін ірі зауытта болды. Бұл зауыт Қарабалық ауданындағы «Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызығушылығын тудырды. Олар өсірген қарақұмықты осы зауытқа жіберуге толық мүмкіндік барына көз жеткізді. Бұл кәсіпорындағы сапа стандартын енгізу қарабалықтық кәсіпкер Владимир Кригердің де назарын аударды.
Ал Увелка муниципалитетті ауданының басшылығы мен кәсіпкерлерін Қарабалық ауданы үстінен өтетін, Қытай, Ресей, Қазақстанды байланыстыратын «Алматы-Екатеринбург» тас жолының бойындағы көлік-логистикалық кешені қызықтырды. Көршілер қонақтарға «Княжий сокольник» тауарлы сүт фермасы мен сүт өңдеу зауытын да көрсетті. Сонымен қатар, олар Қарабалық ауданының Ресейге ет шығару жағын да сұрастырды. Делегация Увелка ауданының бірнеше әлеуметтік нысандарында да болды. Қатар жатқан аудандар болғанымен, бір-бірінен үйренетін де, үйрететін де тұстар бар екендігіне көршілердің көзі жете түсті. Бұл даму үшін керектігін Увелка өзенінің екі жағындағы жұрт та жақсы біледі.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ainanews.kz.
• 25 Ақпан, 2015
Қостанай облысының делегациясы Ресей ауданында болып қайтты

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше