АТЫРАУ. 25 ақпан. Атырау облысы Исатай ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушының жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы Исатай аудандық прокуроратурасы хабарлады.
Исатай ауданының прокуроры Мақсат Ермековтың мәліметіне сай, бұл дерек балалар және жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушылардың жоғары және арнаулы орта білімі туралы дипломдарының шынайылығына талдау жүргізу барысында белгілі болған. Нақтылай айтқанда, бір жаттықтырушының жалған диплом пайдаланғаны анықталды.
Жаттықтырушы жалған дипломды 2012 жылы Атырау қаласынан бейтаныс тұлғадан 300 мың теңге сатып алған. Дипломда жаттықтырушы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіргендігі көрсетілген. Жалған диплом бойынша жаттықтырушы баскетбол бөлімінің мұғалімі қызметін 2014 жылдың қыркүйек айына дейін атқарған. Содан соң, 2014 жылдың қыркүйек-қараша айларында «Өркен» орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.
«Бұл факті бойынша жаттықтырушының әрекетінде Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 3-бөлігінде белгіленген қылмыстық іс-әрекеттерінің құрамы байқалғандықтан, мәлімет аудандық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдарын жүргізу үшін Исатай аудандық ішкі істер бөліміне жолданды», деп хабарлады Исатай ауданының прокуроры Мақсат Ермеков.
Жолдасбек Шөпеғұл,
Дерек: Исатай аудандық прокуроратурасы.
Сурет: news.nur.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше