25 Ақпан, 2015

Чехияның шығысындағы атыстан 9 адам қаза тапты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-02-15-chehia-1

АСТАНА. 25 ақпан. Чехияның шығысындағы Угерски-Брод қаласында белгісіз біреу ресторанда келушілерге қарай оқ жаудырды. Осы атыста 8 адам құрбан болды. Атушының өзі де қаза тапқан. Бұл туралы «Франс Пресс» хабарлады. Алдын ала ақпар бойынша, қаскүйдің өзін полиция қызметкері атып түсірген. Radio Praha қанды оқиғаның Družba пабында (сырахана) орын алғанын мәлім етті. Көргендердің айтуларынша, оқ атқан адамның жасы 60-тар шамсында болған. Атыс басталған кезде мекеме залында 20-25 адам отырған. Оқ атушылықтың себебі анықталған жоқ. Reuters агенттігі оқ жаудырған кісінің психикасында ауытқушылық бар екенін баяндайды. Құрыш Нұрымбет.