КӨКШЕТАУ. 25 ақпан. Көкшетауда құрылыс индустриясы екпін ала түсуде. Оны 2014 жылы 105,9 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілуінен аңғаруға болады. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 103 пайыздық көрсеткішке тең. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1 млн. теңгені құрап, 109 пайыздық деңгейге көтерілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Негізгі капиталға құйылға инвестицияның көлемі 26,5 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіеде республикалық және жергілікті бюджеттен балалар бақшасы мен оқу орындарына жапсарлас салынған ғимараттардың құрылысына 1 млрд. 241,5 млн. теңге, тұрғын үйлердің құрылысына және оны абаттандыру, инженерлік желімен қамтамасыз етуге 482,1 млн. теңге, әлеуметтік сала нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға және Достық үйінің құрылысына 326,5 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.
Биылғы меже де биік болғалы тұр. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында ауысымына 150 адамды қабылдау мүмкіндігі бар онкологиялық диспансер емханасын және облыстық балалар ауруханасының жұқпалы ауралар бөлімшесінің ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жаңа неке сарайының ғимараты бой көтеріп, «Юбилейный» стадионы күрделі жөндеуден өткізіледі, ал «Революция күресшілері» бағында шаңғы роллерлік кешен ашылады деп күтілуде.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше