Айбын • Бүгін, 08:40

Әскери дрон – қуатты қару

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары ұшқышсыз авиация саласы қарқынды дамып, әскери қауіпсіздіктен бастап азаматтық, ғылыми және экономикалық бағыттарға дейін кең қолданысқа еніп отыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтып қана қоймай, уақыт пен қаржыны үнемдеуге, күрделі міндеттерді жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде танылды. Ал әлемде болып жатқан түрлі қарулы қақтығыстарда олар­дың әлеуеті қандай екені – бәрімізге жақсы таныс.

Әскери дрон – қуатты қару

Осы орайда елі­мізде де армияны бар­лаушы әрі соқ­қы бе­ру­ші дрондармен әрі оның тілін білетін мамандармен жа­сақтау – уақыт талабы. Ол үшін түрлі іс-шара өткізіліп, тиімді ше­шімдер қабылданып жатыр. Сондай іс-шараның бірі – Ұлттық қорғаныс университеті (ҰҚУ) Әскери-зерттеу институтының базасында өткен Құрлық әскерлері ұшқышсыз авиациялық жүйелері операторларының біліктілігін арттыруға арналған апталық курс.

Мұнда сарбаздарға арналған сабақтарды ұшқышсыз авиация саласында он жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар мен нұсқаушылар жүргізді. Курс барысында қазіргі жағдайда сұранысқа ие тәжірибелік дайындыққа негізгі басымдық берілгенін айта кету керек.

Әскери қызметшілер «Торғай-10» құрылғысын ұшқыш­сыз ұшу аппаратына бөлшектеп жинау дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, қауіп­сіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін де үйренді. Бұған қоса Ұлттық қор­ғаныс университетінің ғылы­ми қызметкерлері әзірлеген «Ара» дрондарын қолданудың тәжі­рибелік сабақтары жүргізілді.

Жеке оқу модулі FPV-дрон­дарға арналған. Бұл сабақта тыңдаушылар оларды құрастыру, бағдарламалау, диагностикалау мен ақауларын жоюды меңгеріп шықты.

«Біз қолданбалы дағдыларға басымдық береміз. Мақсатымыз – алған білімдерін өз бөлімшелерінде тарата алатын мамандарды даярлау», деп атап өтті ҰҚУ Қару-жарақ және әскери техника ғылыми зерттеу институты зерттеу қызметінің бастығы, полковник Жарқын Қабдолда.

Ұшқышсыз авиациялық жүйе­­лерді қолдану жеке құ­рам­­­ның қауіпсіздігін арттырып, жа­уын­герлік тапсырмаларды орындаудың тиімділігін жоға­рылатады, дәлдікті, жедел барлау мен қарсыласқа қашықтан әсер етуді қамтамасыз етеді.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары тактикалық басымдықтың негізгі элементіне айналды. Олар­ды қолдану формалары мен тәсіл­дерінің эволюциясы қазіргі заманғы ұрыс қимылдарының сипатына елеулі түрде әсер етеді», дейді институттың Зерттеу қызме­тінің бастығы, полковник Алексей Бойко.

Бүгінде ұшқышсыз жүйе­лерді басқару мамандарын даяр­лау – Қарулы күштердің басты мінде­тінің бірі. Оның жүзеге асырылуы жеке құрамның техникалық біліктілігінің өсуі мен ұшқышсыз технологияларды қолдану мүмкін­діктерінің кеңеюіне ықпал етеді.

Бұған дейін Сағадат Нұрмағам­бетов атындағы Құр­лық әскерлері әскери инс­ти­ту­тының базасында ҰҰА мамандарын даярлайтын әскери мектеп ашылған еді. Сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскер­лерінде ұшқышсыз аппараттарды құрастыру, сынақтан өткізу мен бөлімшелерге беру жұмыс­тарының толық циклі жолға қойылды. 

Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45