ПЕТРОПАВЛ. 25 ақпан. Қызылжар өңіріндегі саясаткер-әйелдер клубының жаңа жылдағы алғашқы мәжілісі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінде еліміздің Қостанай облысынан басқа өңірлердің бәрінде саясаткер-әйелдердің клубтары жұмыс істейді. Облыста мұндай клуб былтыр құрылып, содан бері әлеуметтік-экономикалық салаларда үлкен белсенділік көрсетіп келеді. Жиында бірінші болып сөз алған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің проректоры Мүкарам Тайжанова Қазақстан гендерлік саясат рейтингі жөнінен әлемдегі 146 елдің арасынан 46-орын алатынын айта келіп, бұл бағыттағы көрсеткішті кемінде 30 пайызға жеткізу үшін жұмыстарды күшейтудегі өз ойларымен бөлісті.
Облыстық іскер әйелдер ассоциациясының жетекшісі Бақытжан Сәмиева клуб өңірге танымал, беделді 25 әйелді біріктіретінін, олар атқарып отырған шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
Қазақстан іскер әйелдер Ассоцияциясының президенті Раушан Сәрсембаева клуб мүшелеріне шараларды аудандар мен елді мекендерде көбірек атқару міндеттерін жүктеді.
Саясаткер-әйелдер клубының төрайымы болып облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова сайланды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше