Денсаулық • Бүгін, 09:13

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұқым мұсылман ас-судан тыйылып, рухани тазаратын Рамазан айы бәріне бірдей оңай соқпайды. Сол үшін әрбір ниет еткен жан ағзасын дайындауы қажет. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше пайдалы кеңес ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

Министрлік ауызашар мен сәресі арасындағы уақытта су ішу керектігін айтады. Кешкі және түнгі уақытта суды аз-аздан, бірнеше рет ішкен дұрыс.

Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?

«Ауызашар кезінде, асты баяу әрі жеке қажеттіліктерге сәйкес мөлшерде ішіңіз. Бұл асқазандағы ауырлықты және мүмкін болатын қышқылдауды болдырмауға көмектеседі. Күні бойы уақытты белсенді өткізіңіз және кешкі уақытта қозғалысты азайтыңыз, мысалы, күнделікті серуенге шығыңыз», дейді ведомство хабарламасында.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Сонымен қатар сәресін міндетті түрде ішу керектігі айтылады. Ол күні бойы күш-қуатты сақтауға және әлсіздік пен бас айналудың қаупін азайтуға көмектеседі.

«Тәтті, тұз және майлы тағамдарды шектеңіз. Тәттілердің орнына суы көп жемістерді таңдаған дұрыс. Рамазан – денсаулыққа көңіл бөлуге және темекіден бас тартуға алғашқы қадам жасауға тамаша уақыт. Ораза әдеттерді бақылауға көмектеседі және тоқтатуға жеңілдік береді. Рамазан кезінде өзіңізге қамқор болыңыз! Қарапайым ережелерді ұстаныңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз», дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50