АҚТАУ. 25 ақпан. Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден соң оқушылардың ауыр халде қалуы дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғауға соқтырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мектептерінің оқушылары мен колледж студенттеріне, яғни 16 мен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге жүргізілген екпе соңы дүрбелеңге ұласты. Басы айналып, аяқ-қолы құрысып, есінен танған оқушылардың саны қазір 100-ден асты. Арасында осы вакцина салдарынан Бейнеу ауданынан келген оқушылар да бар. Оқушылардың бірқатары Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ал ата-аналар арада бір апта уақыт өтсе де балаларының денесі құрысып, жиі-жиі естерінен танып қалатынын айтуда. Қазіргі таңда жеткіншектерге салынған вакцинадан сынама және осы екпе естерінен тандырған балалардан қан алынып, сот медициналық сараптама тағайындалды, вакцинаға тағайындалған сараптама қортындысы 2 аптадан соң дайын болмақ. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті дәрігерлерге фармацевтикалық және медициналық кәсіби міндетіне салғырт қарады деген айып тағып отыр.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: alashainasy.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше