10 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 697

471 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 шілде  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: “Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары” деген 6-бөлімде: “Инфрақұрылымдық экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер” деген бюджеттік бағдарламада: “Орталық органның аппараты” деген кіші бөлімде: “Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар” деген жолдың “2010” деген бағанындағы “429 051” деген сандар “370 653” деген сандармен ауыстырылсын; “Аумақтық органдардың аппараттары” деген кіші бөлімде: “Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар” деген жолдың “2010” деген бағанындағы “433 514” деген сандар “451 856” деген сандармен ауыстырылсын; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік шығыстарының жиынтығында: “2010” деген бағанда: “1. Қолданыстағы бағдарламалар, оның ішінде:” деген жолдағы “948 362” деген сандар “908 306” деген сандармен ауыстырылсын; “001 “Инфрақұрылымдық экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер” деген жолдағы “948 362” деген сандар “908 306” деген сандармен ауыстырылсын; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне және бюджеттік бағдарламаларына шығыстардың бөлінуінде: “Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету” деген жолдың “2010” деген бағанындағы “948 362” деген сандар “908 306” деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.