АҚТАУ. 13 мамыр. Ақтауда баласын жол үстінде көліктен түсіріп алған жүргізуші табылды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Осыған дейін Ақтау қаласындағы орталық жолдардың бірінде жүріп бара жатқан көліктің есігі ашылып кетіп, кішкентай қыз баланың құлап түскені туралы бейнеролик жарияланған болатын. 3 мамыр күні кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған оқыс оқиғадан соң іздестіру жұмыстарын жүргізген құқық қорғау орындарының қызметкерлері көлік жүргізушісін, яғни, құлаған қыздың әкесін тапты.
Көлік солға қарай бұрылған сәтте, жолаушылар жағындағы артқы есік ашылып кетіп, қыздың қатты екпінмен құлап, жол бойында бірнеше рет домалағандығы олардың соңында келе жатқан көліктің бейнебақылау аппаратына түсіп қалған. Дереу тоқтап, қызын алып үлгерген ата-анасы оны жедел ауруханаға апарған. Сәтін салғанда, екі жасар қыз бала қатты зардап шекпеген, тек денесі жырылып, жеңіл жарақат алған.
Оқиғаға орай көлік жүргізушісіне «Жолаушы тасымалындағы ережені сақтамағаны» үшін бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 13 Мамыр, 2015
Ақтауда қызын көліктен құлатып алған жүргізуші табылды

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59