25 Ақпан, 2015

Қостанайда оқушыларға онлайн режиміндегі сабақ ұсынылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_0101ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Үйде жалғыз қалу: пәтер қауіп қайнар-көзі» тақырыбына интерактивті сабақ өткізді. Сабақта М. Горький атындағы гимназияның 5-6 сыныптарының оқушылары қатысты. Он-лайн жүйесінде өткен бұл с абақты облыста 50 мектептің оқушылары қарады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өз үйім – өлең төсегім» дейді қазақ. Бірақ тұрмыста қазіргі заманғы электр құрылғыларын, газ плиталарын, құрылғылар мен жылыту жүйелерін пайдалану кезінде ғимараттың техникалық қауіпсіздігін білмесе, адамның өз үйі өзіне бақытсыздық әкелері әбден ықтимал. Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесі мен үйде (пәтерде) газдан абай болу жөнінде департаменттің басқармасы бас маманы, өртке қарсы қызмет майоры Сәрсенбай Хасенов балаларға айтып өтті. Подъезд есігінен пәтерге дейін, шығу жолында келеңсіз жағдай туындаса танымайтын адамды кезіктірсеңіз өзінді-өзі қалай ұстау керектігі туралы Қостанай қаласындағы ТЖ басқармасының инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Асхат Баденов оқушыларға әңгімелеп берді. Апаттық медицина орталығының дәрігері Айгүл Базарова газбен улану кезінде не істеу керіктігін түсіндірді. Сабаққа қатысушыларға тақырыптың барлығын экран арқылы бейнелі баяндалды. «Чат» форматы бойынша келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Сабақ қорытындысы бойынша балаларға «Біздің міндет – сіздің өмірлеріңізді құтқару!» бейнематериал көрсетілді. Интерактивті сабақтың міндеті балалардың оттан абай болуын, төтенше жағдай туындаған жағдайда өзін дұрыс ұстау және тұрмыстық құралдарды қауіпсіз қолдануын үйрету болатын. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC_0008 DSC_0064 DSC_0104 DSC_0113