Оқиға • Бүгін, 13:00

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Н.Гастелло көшесі бойында орналасқан екі қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бірінші өрт сөндіру жасақтары келген кезде ғимарат шатырының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

«Өртті сөндіру штабы ұйымдастырылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды. Қауіпсіз қашықтыққа 8 газ баллон шығарылды.

Соңғы жаңалықтар

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20