ПЕТРОПАВЛ. 25 ақпан. Петропавлда тұңғыш рет «Машиналар жарысы» атты авторалли ұйымдастырылып, 15 адам сынға түсті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Алексей Бибиковтың айтуына қарағанда, мәреден шығып, сөреге жетер трассаның күрделі болуы ойластырылыпты. Автомобильдердің маркалары мен шығу мерзімдеріне шек қойылмаған. Алайда, «қолдан жасалған» кедергілерге қарамастан жарысқа қатысушылардың бәрі жарысты сәтті аяқтаған.
Сөрені бірінші болып Land Cruiser шетелдік жүрдек көліктің иесі Артем Дубровский қиған. Ол мол тәжірибенің арқасында қарсыластарын шаң қаптырып кеткен.
Ал, өз қолымен жинап, құрастырған «Газ-69» кеңестік көлікпен өзгелерге бәсекелес бола білген Владимир Гнедко үшінші орынды жеңіп алған.
Білегі мықты өңкей ер азаматтар арасында «арпа ішіндегі бір бидайдай» көрінген Мария Вржец үштікке іліне алмаса да, жарысқа үкілеп қосқан «Нива» маркалы «сәйгүлігінің» жолда қалдырмағанына риза.
«Машиналар жарысын» жылда өткізуді жоспарлап отырмыз. Көрермендердің көңілінен шыққан болу керек, қазірдің өзінде қатысуға тілек білдірушілердің қатары қалың. Соған сәйкес, жарыс шарттарын қайта қарайтын боламыз. Тігілетін жүлделер санын да арттырамыз», дейді А. Бибиков.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: bigbo.ru.
• 25 Ақпан, 2015
Петропавлдық тұрғын өзі құрастырған көлікпен жүлделі болды

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше