ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. Қостанайда1981 жылы туған алаяқ бойжеткен Ұлы Отан соғысының ардагерін немересі болып алдап, 30 мың теңге ақшасын алып кеткен. Бұл туралы ng.kz хабарлады.
Ұлы Отан соғысының ардагері 92 жастағы Иван Котелевский мен оның жұбайы Валентина Васильевнаның есігін қағып кірген қыз, оған таңданып қараған қарияларға: «Немерелеріңді танымай қалдыңдар ма?» деп күледі. Атасының «Танямысың?» дегеніне: «Иә, иә» дейді.Сосын, «емханаға барып едім, дәріге ақшам жетпей тұр» дейді. Осыдан екі жыл бұрын шөбере сыйлаған немересі Таняның атасы мен әжесіне жиі келе беруге уақыты жоқ, сондықтан көзі нашар көретін қариялар бөтен қыздың Таня екеніне сенеді. Осыны малданған «немересі» атасынан 20 мың ақша сұрайды. Атасы 20 мың теңге бергенде, «Маған жалпы 33 мың керек еді, жарайды, 3 мың теңге өзімде бар, 30 мың бере қой» деп, 30 мың теңге алып, шығып кетеді.
Қариялар алданғанын қыз кеткен соң біледі. Валентина Васильевна оның ақ курткасы, ақ етігі, ақ шалбары бар екенін, өздерімен сөйлескенде бетін бұрып отырғанын байқап қалады. Атасы мен әжесі өзінің немере қызы Таняға телефон соққанда, үйіне алаяқтың келгенін түсінеді. Олардың есігінің сыртында «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген жазудан алаяқ қарттар тұратынын білсе керек.
Қостанайлық полицейлер көп ұзамай алаяқ қызды ұстады. Ол 1981 жылы туған, есірткіге тәуелді және осындай алаяқтығы, ұрлығы үшін талай рет қылмысты іске тартылған бойжеткен екен.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz .

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше