ОРАЛ. 25 ақпан. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орын алған осы жәйт бойынша Орал қалалық соты аталған департаменттің басшысы Жексенғали Серікоповқа екі ай мерзімге бұлтартпау шарасын қолданды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан дерекке сүйенсек ол жеке кәсіпкерден 400 мың теңге талап еткен. Мәселенің мәнісі мынада. Аталған меншік иесі қоғамдық тамақтандыру орнын жалдап пайдалану жөнінде оның иесімен келісімшартқа отырған. Өзара келісілген белгілі бір кезеңде оның мерзімі аяқталған. Бұдан әрі келісімшарттың мерзімін тағы да одан әрі ұзартудың реті мен мүмкіндігі болмаған. Осындай ұрымтал сәтті пайдаланып аталған департамент басшысы жоғарыда айтылғандай өте лас іс әрекетке барған. Сөйтіп ол келісімнің мерзімін одан әрі ұзарту үшін 400 мың теңге көлемінде пара беруді сұраған. Алайда, оның бұл жымысқы ойы іске аспады. Ол көрсетілген соманың алу кезінде ұсталды.
Қазіргі күні лауазымды қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы мен бөлігі және тармағы бойынша айып тағылып отыр.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет:Turkestan.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше